АҚШ коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Primary tabs
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп коронавирус қытайлық Уханьдағы зертханадан шықты деп мәлімдеген болатын. Ал Джо Байден мен бүкіл демократиялық партия вирустың адам қолымен әзірленгенін мейлінше жоққа шығарып келді. Енді міне, оқиға басқа бағытта өрбіп отыр. Өткен аптадан бері президент Байден вирустың зертханада пайда болу ықтималдылығы туралы пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Вашингтондық әкімшілік коронавирустың қолдан жасалуына кінәлілерді де тапқан секілді. Байденнің бұйрығы бойынша америкалық арнайы қызмет вирустың Қытайда әзірленуі бойынша нұсқаны тергеп-тексеретін болады.
Мұндай айыптауға The Wall Street Journal басылымындағы пандемия ресми түрде басталғанға дейін Уханьдағы кейбір ғалымдардың коронавирусқа ұқсас ауру жұқтырғандары туралы мақала негіз болып отыр.
Бірақ бұл оқиғаның көлеңкелі тұсы көп әрі дәлелі жоқ. Ал Бейжің қытайларға қарағанда америкалықтар адам жасушасына жақсырақ енуге мүмкіндік беретін белгілі бір секвенциялар енгізілген вирустармен экспериментпен белсенді айналысқанын мәлімдеуде.
2019 жылдың жаз-күзінде АҚШ-тағы белгілі әскери зертхана Форт-Детрик аяқ астынан жабылып қалды. Мұнда зерттеліп жатқан ең қауіпті вирустың барлығы бар.
Айта кету керек, әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі секілді АҚШ Биологиялық және токсинді қаруға тыйым салу туралы конвенцияға қол қоймаған. Аталған құжатқа қол қойған мемлекеттер бір-бірінің зертханаларына тексеру жүргізе алады. Оның ішінде Қытай да, Ресей де бар.
Осы тұста Форт-Детрик зертханасының жабылуы да күдікті. Жоғары құпиялылық нақты қандай вирустың таралып кеткені туралы ақпарат таратуға тыйым салады. Алайда дәл сол жылы күзде АҚШ-та өкпе ауруларының эпидемиясы басталып кетті. Мұны америкалықтар вейптің жанама әсері деп мәлімдеді. Жалпы бұл ауру сипаттамасы жағынан коронавируске қатты ұқсайды. Қазанда америкалық әскерилер халықаралық спорт жарысы үшін Уханьға аттанады да, қытай сарапшыларының пікірінше, дәл сол кезде америкалық коронавирус жергілікті халыққа жұққан. Міне, Қытай ұсынып отырған мәлімет осындай.
Әрине, бұл нұсқаның да келіспейтін тұсы көп. Оны да даулауға болады. Бір жылдан астам уақыт бойы америкалықтар коронавирустың өздігінен пайда болғанын мәлімдеп келіп, аяқ астынан пікірлерін өзгертуі де ой салады.
АҚШ-тағы иммунолог әрі инфекционист дәрігер Энтони Фаучи коронавирус адам қолымен жасалғанын жоққа шығарып келді. Әлеуметтік желіде бұл пікірмен келіспейтіндерді мазақ етіп, күлкіге айналдырды. Француз вирусологы, Нобель сыйлығының лауреаты Люк Монтанье коронавирустың жасанды жолмен пайда болғаны туралы мәлімдемесі үшін қызметі және беделінен айырыла жаздады.
Ұлты қытай америкалық вирусолог Бинь Люді бір жыл бұрын Питтсбургте атып өлтірді. Коронавирус құрылымын зерттеумен айналысқан ол қызықты бір жаңалық ашқанын мәлімдеп үлгерді. Алайда осы мәлімдемеден кейін оны атып кетті.