Алматы облысында жол жөндеуге бөлінген 93 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Primary tabs

Jul 02, 2021 / 0 comments

Алматы облысының Қаратал ауданында жолдың бұрынғы басшысы сыбайластарымен 93 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айыппен 7 жыл 3 айға сотталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 29 маусымы күні Алматы облысы Ескелді аудандық сотының үкімімен келесі тұлғалар кінәлі деп танылып, сотталды: «Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Р. Алиянов, (ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 369-бабы 1-бөлігі) 7 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру;

- «Алмаз-М» ЖШС директоры Д. Мусаев (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 385-бабы 1-бөлігі) 7 жылға 3 айға бас бостандығынан айыру;

- Техникалық қадағалау – «Кравинжиниринг» ЖШС В. Крутиков (ҚК 28-бабы, 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі деформацияны көрсетіп отыр»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ресми жариялаған хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сотталғандар Үштөбе қаласындағы Төле би көшесін күрделі жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырып қалуды көздеген.

«Олар 2018 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында орындалған жұмыстардың №2 және №3 актілеріне «Қаратал ауданы Үштөбе қаласы Төле би көшесін күрделі жөндеу» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде олардың нақты мазмұнын бұрмалайтын жалған мәліметтер енгізу арқылы жалпы сомасы 93 111 040 теңгеге бюджет қаражатын жымқырды деп күдік келтірілген»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.