Қарасай ауданының тұрғындары ХҚКО-на шағымданды

Primary tabs

Jul 28, 2021 / 0 comments

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының тұрғындары Kaskelen.kz редакциясына халыққа қызмет көрсету орталығында болған келеңсіз жағдай туралы айтып, видео жолдады.

Тұрғындардың айтуы бойынша, күннің ыстығында бронь алып, орталыққа келсе, әдеттегідей жарық жоқ.Сондай-ақ осының кесірінен тұрғындарға сағаттап күтуге тура келген.Ал мұндай жағдай жиі қайтланатын көрінеді.

"Мен бүгін ХҚКО-да болдым.Орталық қызметкерлері өз жұмыстарын дұрыс орындап жатқан жоқ.Қызмет көрсету орталығында екі сағат тұрдым.Халық өте көп.Ешқандай да санитарлық талаптар сақталмаған.Айтулары бойынша жарық жоқ және база істемей тұр.Бірақ қалайш ХҚКО-да тоқ беретін құрылғы болмауы мүмкін?-, дейді тұрғын.

Басқа да Қарасай ауданының тұрғындары ХҚКО-ның басшылығына шағымданып, тіпті дөрекілік көрсететінін айтып, ренішін білдірді.

"Қарасай ауданының ХҚКО-да қызметкерлерің қызмет көрсету сапасы өте нашар.Кәсіби жағынан ғана емес, мәдениет жағынан да.Қызметкерлерді даладан жинап әкелген сиқты көрінеді.Әрқашан кезекте тұрамыз, тіпті броньмен де.Ғимараттың іші өте лас.Керекті құжаттарды алып, нәтижемен шығу өте сирек кездеседі."