Коронавирус: Қазақстанда "қоңыр-қызыл" аймақ пайда болды

Primary tabs

Jul 29, 2021 / 0 comments

Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың кәсіпкерлік объектілерде "Ashyq" жобасын енгізуге қатысты жаңа қаулысы шықты. Сонымен қатар, жаңа құжатта коронавирусқа қатысты "қоңыр-қызыл" аймақ ұғымы пайда болды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.

"Қоңыр-қызыл" аймаққа инфекциялық төсек-орындардың толу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары және төсек-орындардың толу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған өңірлер жатады.

Бұл ретте 2021 жылғы 9 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақтағы нысандарға яғни "Ashyq көшбасшылары" мәртебесі бар объектілерге 00.00 сағатқа дейін, жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат етіледі. Одан бөлек, 2021 жылғы 2 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақтағы "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоса алғанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі демалыс күндері тоқтатылады. 

Бұл күндері тек әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына, сондай-ақ осы қаулының 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға жұмыс істеуге рұқсат. Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.