«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту

Primary tabs

Sep 07, 2021 / 0 comments

«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту 

2021 жылдың қаңтар айынан бастап

Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады. 

Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек:

- толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады)

- еркін түрде жазылған өмірбаян

- сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері 

- жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі

- Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті 

Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі. Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 call-орталығына хабарласуға болады.

Қандастар – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға «Қандас» мәртебесін алу қажет.