Жаңа басқарма басшысы
Primary tabs
Жақында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы М.Исмаиловтың бұйрығымен Олжабаев Нұрлан Кенжебекұлы Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Олжабаев Нұрлан Кенжебекұлы, 1985 жылы 18 қарашада Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2009 жылы С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін дәрігер-гигиенист, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қызметтік жолдары:
- 2009 жылы Алматы қаласы Жетісу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
- 2010 жылы Тараз қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы.
- 2011 жылы Жамбыл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы.
- 2014-2015 жылдары Жамбыл облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметінде істеген.
- 2015-2018 жылдар арасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы бөлімінің бастығы, Алматы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы, Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы және Әдеп жөніндегі уәкілетті өкілі.