Қарасай ауданындағы Наурыз мерекесі қайда өтеді?

Primary tabs

Mar 19, 2019 / 0 comments

Жыл басы саналатын Наурыз мейрамын асыға күткен қарасайлықтар үшін маңызды жаңалық!

Биыл ұлыстың Ұлы күні бүкіл аудан бойынша мерекеленеді. Оның ең басты салтанаты Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдердің жаңа спорт кешенінің орталық стадионында 22 наурыз, сағат 10-да өткізіледі. (Аудандық мәдениет үйінің жанында орналасқан)
Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, мереке бағдарламасында концерт, ұлттық спорт ойындары, халық серуені бар. Бұлар үшін арнайы сахна, алтыбақан, батут орнатылған. Сауда орындары болады. Сонымен қатар, тойға қатысқандардың барлығы да молшылықтың символы болып табылатын дәстүрлі Наурыз көжеден дәм татады.
Сондықтан, қалыптасқан әдетпен мейрам күні орталық алаңға бет бұрып, қапыда қалмаңыздар, құрметті қарасайлықтар!