Броконьерлермен белсенді күрес басталды

Primary tabs

Sep 12, 2019 / 0 comments

Қыркүйек айының 7-24 аралығында Қарасай ауданы көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Іс-шараның мақсаты - табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ,  экологиялық қылмыстарды ашу болып табылады.

Айта кетсек, аудан аумағында орналасқан "Іле-Алатау" Ұлттық табиғи мемлекеттік паркі ерекше қорғалатын аумаққа жатады. Ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін парк инспекторлары мен қатар аудандық ПБ Жергілікті полиция қызметінің Табиғатты қорғау полиция тобы күзетеді. 

Жыл басынан бері бұл мақсатта көптеген жұмыстар атқарылған. Жүйелі жүргізілген жедел алдын алу іс шаралары барысында ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабымен 2 хаттама, 196 бабымен 2 хаттама толтырылып, оның екеуіне 126 250 теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған кодекстің 386 бабымен 13 хаттама толтырылды. Оның 5-не 290 375 теңге көлемінде айыппұл салынған. 6 хаттама негізінде ескерту берілген. Сонымен қатар, анықтау және тергеу бөлімдері бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды. 

  Табиғатты қорғау полиция тобы инспекторы Б.Мустафин ждел алдын алу іс шарасы барысында да заңды белшесінен басып, ерекше қорғалатын аумақта қару алып, аңшылық жасаған тұлғалар қатаң жазаланатын болатынын айтты.

сур2.png