Алматы облысы Бірлік ауылының тұғындары ауыз суы, интернет газ жоқтығынан ЖСДПға үндеуі
Primary tabs
Алматы облысы, Жамбыл ауданы Бірлік ауылы тұрғындары өз мұн-зарын айтып ЖСДП Алматы облысы филиалына хабарласқан еді. Шағымдарының мазмұны: талай жылдар бойы ауылдарында ауыз су проблемасы шешілмеген, телефон нашар ұстайды, интернет жоқ, газ жүргізілмеген және т.б. көптеген мәселелер тұрғындарды алаңдатып отыр. Бұл мәселені ЖСДП партиясы облыс әкімі Амандық Баталовтың халықпен есептік кездесуінде көтерген болатын. Бұл мәселені облыс әкімі Жамбыл ауданы әкіміне тапсырып бақылауға алған болатын. Бірақ тұрғындар әлі де аудан әкімінің келіп жұмыстар бастағанын, кіріскенін көрген жоқ. Сол себепті, ЖСДП Алматы облысы филиалы төрағасы және ЖСДП саяси кеңес мүшесі Берік Ағыбаев, Алматы қаласынан 54 км қашықтықта орналасқан, әлі ХХI-шы ғасырда тұрып жатқан Бірлік ауылына арнайы барып, тұрғындардың өмір сүру жағдайын өз көзімен көріп келді. Тұрғындар 2009-шы жылдан бастап, жазбаған жері қалмады, баспаған керегесі қалмады, бірақ мәселе еш өзгеріссіз. Тұрғындардың айтуын бойынша су құбыры проектісі бар, бірақ су шығып жатқан жердің өзі заңдастырылмаған, сондықтан жақын арада сапалы су ішеміз деген үміті жоқ. Сонымен бірге, 3-4 км қашықтықта газдандырылған ауыл бар, бірақ Бірлік ауылына газ тартуға ешкім асықпайды. Осы ауданда жұмыс атқаратын Тәуекел газ компаниясы 8 млн. теңге жинап берсеңдер тартып береміз деген екен. Бірақ ондай қаражатты жинап беріп Тәуекел газға өткізуге тұрғындар сеніп отырған жоқ. Егер компания жүргізуге ниет білдірсе, тұрғындар газ ауылдарына келген кезде қаражат жинап беруге ресми кепілдеме беруге дайын. Ауылда шамамен 60 үй бар. Ауылдық округ әкімінің жұмысына тұрғындар мүлдем қанағаттанбайды. Ашу ызалары соншалық, мәселелеріне көңіл аударту үшін Алматы-Шымкент тас жолын да жабуға дейін! ЖСДП Алматы облысы филиалы бұл мәселені партиялық бақылауға алды.