Қарасай ауданындағы қоғамдық нысандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Primary tabs
Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде Қарасай ауданындағы сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Қарасай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілгені белгілі.
"Қарасай аудандық басқарма мамандарымен 2020 жылдың 13 наурызынан бастап 40 мешітке, 25 дәріханаға, 2 интернат үйіне, 10 қонақ үй иелеріне, 4 мәдениет үйіне санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейті жөнінде қаулы берілді. Бүгінгі күннен бастап аудан аумағында орналасқан барлық сауда орталықтарына, тағам өндіруші, аса маңызды (су ұңғымалары, тағам қоймалары) нысандарына қауіпсіздікті жоғарылату бойынша қаулылары беріліп қадағалауға алынды. Атқарылған жұмыстар алдағы уақытта шығарылатын болады" - деп хабарланды басқарманың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.