Қарасай ауданында кімдер карантин тәртібін бұзып жүр? Олар жазалана ма?
Primary tabs
Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындары карантин тәртібін өрескел бұзуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Редакциямызға аталған округтегі базардың жасырын жұмыс істеп тұрғанын айғақтайтын видеолар бірнеше күн бұрын келе бастады. Аталған жайт бойынша тиісті шараларды қолға алу керектігін ауыл әкімі А.Айдаровқа мәлімдедік. Ауылдағы орталық базар жабылғаны туралы жауап алдық.
Дегенмен, жексенбі күні, яғни, 26 сәуірде редакциямыға қайта түскен видеолардан жергілікті халықтың ешқандай тәртіпке, карантин режиміне бағынбайтынын байқауға болады.
Естеріңізге сала кетсек, 26 сәуір, сағ 22.30-дағы жағдай бойынша, Алматы облысында вирус жұқтырғандар саны - 97