Австралияда жұмыссыздар саны күрт артты

Primary tabs

Jun 20, 2020 / 0 comments

Коронавирус пандемиясы салдарынан Австралияда жұмыссыздар саны күрт артып кетті. Тек мамыр айының өзінде 227 мыңнан астам ел тұрғыны жұмысынан айырылды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 7 проценттен асып кетті. Бұл 2011 жылғы қазан айынан бері ең жоғары көрсеткіш. Бұған басты себеп карантин шектеулері кезінде жеке меншік кәсіпорындарының жабылуы.

Сондай-ақ Австралия үкіметі соңғы отыз жылда алғаш рет экономикалық рецессияға ұшырағанын жариялады. Орталық банктің болжамынша, маусым айының соңында елдегі жұмыссыздық деңгейі 10 процентке жетіп, 2021 жылдың аяғына дейін төмен түспейді.  Скотт Моррисон, Австралия премьер-министрі: - Қиын кезді бастан кештік, алайда бұл дағдарысты еңсеретінімізге сенімдімін. Бұл үшін күн сайын тынбай еңбек етуіміз керек.

Дереккөз:https://24.kz/kz/