Ауа райы: күнгейде аптап ыстық, солтүстікте үсік күтілуде

Primary tabs

Jun 22, 2020 / 0 comments

Оңтүстікте аптап, орталықта күн бұзылады. Күн райын болжаушы мамандар осылай мәлімдеді. Еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын болмайды, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал, күндіз шығыс өңірдерде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. 

 Солтүстік-батыстың, солтүстіктің, орталықтың кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні секундына 25 метрге күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақастан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Дереккөз:https://24.kz/ru/