Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

Primary tabs

Jul 21, 2020 / 0 comments

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел қызметінен кетті, деп хабарлайды Kaskelenkz. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук парақшасында жазды. 

 "Бүгін Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы ретінде соңғы жұмыс күнім аяқталды. Үш жылдан астам уақыт аралығында Амандық Ғаббасұлынан көп үлгі алдым. Сөз бен істің жүгін сезіндім. Бәріне ризамын - үлкен мектептен өттім. Сол үшін алғысым шексіз. Осы уақыт аралығында қоян-қолтық жұмыс жасаған барша журналистерге шығармашылық табыс тілеймін. Аман-сау болайық!" деген ол өз жазбасында. 

Әзірге Ғалымұрат Жүкел қызметінен неліктен кеткені жөнінде мәлімет берілген жоқ.