Сабыр еңбек бақытқа жетелейді
Primary tabs
СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар аудандық пробация қызметі мен Қызылжар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығымен «онлайн» форматта бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты: азаматтарды және сотталғандарды аудандағы бос жұмыс орындарымен таныстыру, еңбек нарығы туралы, жұмысшыларға мұқтаж кәсіпорындар туралы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы, үйден шықпай қайта оқыту туралы толық ақпарат беру.
Жәрмеңке онлайн ZOOM қосымшасы арқылы өткізілді, 63 кәсіпорын мен ұйымдардан 74 бос жұмыс орны ұсынылды, соның ішінде 8 кәсіпорын «Қызылжар аудандық білім бөлімі» КММ, «Загор Интер» ЖШС, Шалаев ЖК, Петерфельд орман тәлімбағы, «Зайцев» ШҚ, «Молсервис» ЖШС және басқа да кәсіпорындар.
Сондай-ақ, жұмыс іздеушілерге Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады.
Жалпы жәрмеңкеге жұмыс іздеушілер ретінде 60-тан астам адам қатысты, оның 9-ы сотталған, 38-ге жуық адам «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту сияқты мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңестер алды.
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясындағы жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша «В.А.Зайцев» ШҚ-на сотталушы Арсенюк Евгений Алексеевич жұмысқа тұрды, сонымен қатар 10-ға жуық адам кеңес алды.