Қытай мен Үндістан арасында әскери қақтығыс орын алды

Primary tabs

Jan 25, 2021 / 0 comments

Қытай мен Үндістан әскері даулы шекара аймағында қақытығысып қалды. Екі тараптан да зардап шеккендер бар екені белгілі болды деп хабарлайды Би-би-си.
Үш күн бұрын Сиккиманың солтүстігіндегі Наку Ла шатқалында әскери қақтығыс болды.
Ресми тұлғалардың сөзінше, қытайлық патруль Үндістан аймағына кіруге тырысып, кейін шегінуге мәжбүр болған. Қос мемлекетте осы ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірмеген.
Өткен жылдың жаз айында шекарадағы даулы аймақтардың бірінде адам өліміне әкелген қақтығыстан кейін екі ел арасындағы шиеленіс жоғары болып келген.
Галван аңғарында болған атыста кем дегенде 20 үндістандық сарбаз қаза тапан. Ал Қытай қайтыс болғандар саны туралы ақпаратты жария етпеген.
Үндістан мен Қытай - әлемдегі ең даулы шекаралас әрі ең үлкен территорияға иелік ететін елдер.

Екі мемлекет арасында 1962 жылы соғыс болған. Сол кезде Үндістан ауыр жеңіліске ұшыраған болатын.