Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды

Primary tabs

Feb 16, 2021 / 0 comments

Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды. Енді бір адамға бес наннан артық берілмейді. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Басқарма түсіндіргендей, нан сатуға шектеу «Ақсай» ХБК» компаниясының фирмалық дүкендерінде белгіленген.

Мұндай тәжірибе бұған дейін де қолданылған, қала тұрғындарына алаңдайтын ештеңе жоқ екені айтылды.

Бір адамға бес бөлкеден артық сатылмайды.

«Кейбір алыпсатарлар таңертеңгі уақытта барлық нан өнімдерін сатып алған. Ары қарай үстіне ақша қосып сату үшін осылай істейді. Десек те, «Ақсай» нан зауыты» ЖШС әлеуметтік бөлкенің санын азайтқан жоқ. Зауыт қала дүкендерін нанмен толық қамтамасыз етіп отыр», — деп хабарлады басқармадан.

Ведомство атап өткендей, әкімдік пен «Ақсай» нан зауыты» ЖШС арасында бұрын жасалған келісімшарт бар. Онда бір бөлкенің бағасы 75 теңге деп бекітілген.

Шектеулер нан зауыт бағасымен сатылатын тек фирмалық дүкендерге қатысты. Қаланың басқа дүкендерінде мұндай шектеу жоқ.