Алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы берілді.
Primary tabs
Елімізде алғаш рет педагогтерге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы берілді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 20-дан астам мұғалім білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды. Бұл атаққа Алматы облысының 3 ұстазы лайықты деп танылды. Қатарында Сарқан ауданының №1 мектеп гимназиясының химия-биология пәнінің мұғалімі Станкевич Татьяна да бар.Үздік ұстазды аудан басшысы Талғат Қанатұлы қабылдап, награданы тапсырды.
Татьяна Михайловна білім саласында 32 жылдан аса уақыт жұмыс істеп, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі еленген ұлағатты ұстаздардың бірі. Жыл сайын оқушылары аудан, облыстық жарыстардан басқа, шет мемлекеттерде өтетін додаға қатысып, ауданымыздың атағын шар тарапқа танытып жүр. Бүгінде Татьяна Михайловна аяулы жар, ардақты әже.
Айта кетейік, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алады.