Санкт-Петербургте карантиндік шектеулер ішінара жеңілдетілмек. Кафелер, барлар мен мейрамханалар тәулік бойы жұмыс істей алады, кинотеатрлардағы, цирктердегі және концерт залдарындағы рұқсат етілген сыйымдылық 50 пайызға дейін көтерілмек, зообақтар мен аквапарктер ашылады, мұражайлар, көрмелер, театрлар мен мұз айдындарының жұмысы қайта жанданады.