ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алған қазақстандықтардың қажылыққа бару мүмкіндігі туралы айтты.
«Жалпы алғанда, қажылыққа бару үшін әр ел өз талабын қояды. Қазір бізде Sinofarm компаниясының вакцинасы бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны аккредиттеді. Яғни, егер қажылыққа қабылдаушы ел ДДҰ-да тіркелген вакцинаның болуын талап етсе, ондай вакцина бізде бар деген сөз. Соны қабылдап, қажылыққа шыға беруге болады», – деді министр.