Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі, яғни 11 шілде күні қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жүрмейді деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, 11 шілде күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.