Жаңаөзенде әйел 16 жастағы ұлын миы шайқалғанша ұрып-соққан
Главные вкладки
Жаңаөзенде анасы 16 жастағы ұлын миы шайқалғанша ұрып-соққан. Енді ол ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
"Лада" басылымының дерегінше, оқиғаның мән-жайын қалалық аурухана дәрігері баяндаған. Аталған жайт осы жылдың 9 сәуірінде болған. Жаңаөзен полиция басқармасы жасөспірімнің миы басынан соққы алу салдарынан шайқалғанын растады. Енді жәбірленушіні бейімдеу орталығына жіберу жоспарда бар. Ал баланың анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, осыған дейін Байқоңыр тұрғыны 14 жасар баланы соққыға жықты деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз. Прокуратура қылмыстық істі бақылауға алды.
"Байқоңыр қаласының 26 жастағы тұрғыны 14 жастағы жиені 60 теңге ұрлады деп күдіктеніп, оны жөнге салғысы келген. Ер адам баланың басынан оқтаумен бірнеше рет ұрады. Осылайша жасөспірімге дене жарақатын салып, денсаулығына жеңіл зиян келтірді", - деп хабарлады Байқоңыр прокуратурасы.
Қаланың ресейлік құқық қорғау органдары 26 жастағы ер адамға қатысты "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. "Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады қадағалаушы органдағылар.