Суды тамақпен қабаттастырып ішкен дұрыс па

Главные вкладки

Май 02, 2021 / 0 комментарии

Тамақты сумен қабаттастырып ішкен дұрыс па? Бұл туралы пікір мен түсінік әртүрлі деп жазады Qadam.asia. 

Біреулер дұрыс деп жауап берсе, енді білеулер дұрыс емес дейді.

Төрегелді Шарманның "Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі" кітабында да бұл жөнінде ақпарат берілген.

Шындап келгенде, тамақ ішіп отырып, су ішуге болмайды. Қазақстан халқының тамақ ішіп отырып шәй ішетін әдеті бар. Бұл дұрыс емес.

Себебі тамақпен бірге ішкен су асқазан сөлін сұйылтып, астың сіңімділігін әлсіретеді. Егер шөлдеп отырсаңыз суды астың алдында ішіп алу керек. Жалпы су ішудің ең дұрыс тәсілі – осы: тамақтың алдында су ішу. Өйткені аш қарынға ішкен су асқазанда көп тоқтамайды, тез ішекке өтіп кетеді. Оның асқазан сөліне зияны жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ тағамтану академиясының жетекші ғылыми қызметкері, медицина ғылымының кандидаты Майгүл Қайнарбаевa еттен соң неліктен бірден шай ішуге болмайтынын түсіндірген еді.