Соңғы деректер шықты: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта тұр
Главные вкладки
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті
29 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.
"Сары" аймақта Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1688 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 383 595-ке жетіп отыр.
Сонымен қатар бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.