Шарын шатқалындағы сел: Жоғалып кеткен он бір жастағы мектеп оқушысы аман-есен табылды
Главные вкладки
Шарын шатқалында болған сел салдарынан жоғалып кеткен 11 жастағы мектеп оқушысы табылды деп хабарлайды Kaskelen.kz порталы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"2021 жылы 30 мамырда таңғы сағат 9:34-те Шарын өзені бойындағы жағалау сызығын визуалды қарау арқылы жердегі іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде "Шарын каньоны" компаниясының қызметкері 2010 жылы туған қыз баланы тапты. Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орын алған жерден 3-4 шақырым қашықтықта болған. (каньонның биіктігі 800 м-ден 1500 метрге дейін, өзен бойындағы осы учаскедегі жағалау сызығы тасты жер)", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің сөзінше, қазіргі уақытта Республикалық жедел құтқару отряды мен Алматы облыстық төтенше жағдайлар депаратаментінің жедел құтқару бөлімінің құтқарушылары дәрігерге дейінгі алғашқ медициналық көмек көрсетіп жатыр.
Сонымен қатар, зардап шеккен оқушы қызға медициналық көмек көрсету үшін "Қазавиақұтқару" АҚ-ның авиациялық техникасымен Алматы қаласының ауруханаларының біріне жеткізу мәселесі шешілуде. Еске сала кетсек, кеше Алматы облысында орналасқан Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болғанын, тағы алты адам зардап шеккенін жазған едік.