Алматыда "Сайран" көлінен ер адамның денесі табылды

Главные вкладки

июн 01, 2021 / 0 комментарии

Алматыда "Сайран" көліне түсіп, қайта шықпаған азаматтың денесі табылды. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Куәгерлердің сөзінше, 31 мамыр күні сағат 17:30-да 25-30 жас шамасындағы азамат суға түсуге тыйым салынған белгіге қарамастан, "Сайран көліне" түсіп, қайта шықпаған. Алдын ала ақпарат бойыша, ол жағалауда топпен алкогольді ішімдік ішкен және мас күйде болған", - дейді қалалық ТЖД. 

Алматыда "Сайран" көліне түсіп, қайта шықпаған азаматтың денесі табылды. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Куәгерлердің сөзінше, 31 мамыр күні сағат 17:30-да 25-30 жас шамасындағы азамат суға түсуге тыйым салынған белгіге қарамастан, "Сайран көліне" түсіп, қайта шықпаған. Алдын ала ақпарат бойыша, ол жағалауда топпен алкогольді ішімдік ішкен және мас күйде болған", - дейді қалалық ТЖД. 

Сонымен қатар, ТЖД "Сайран көлі" демалушыларды қабылдауға дайын емес екенін оған 50 пайыз ғана су толғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ведомство суға түсерде қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін еске салды.

Атап айтқанда:

тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар басқа да орындарда шомылу;

суға шомылу кезінде бір-біріңізді жоғалтпау;

жағалаудан, қоршау белгілерінен алысқа жүзбеу;

түнгі уақытта және мас күйде шомылмау.

Айта кетейік, осыған дейін 1994 жылы туған колледж мұғалімі мен 2001 жылы туған студент Петропавл қаласына жақын орналасқан "Сосновый бор" демалыс аймағында Есіл өзеніне батып кеткенін жазған едік. Қайғылы оқиғаның алдында олар суретке түскен екен. Жедел топ оқиға орнына келіп, сүңгуірлер тінту жүргізіп, тіршілік белгілері жоқ екі қызды ағынның 50 метрдей төменгі жағынан тапқан болатын.