Коронавирус: Қазақстанның тағы бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті

Главные вкладки

июн 06, 2021 / 0 комментарии

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды Kaskelen.kz.

6 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1191 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 394 075-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.