Алматыда темір жол маңынан ер адамның денесі табылды
Главные вкладки
Оңтүстік астананың Түркісіб ауданындағы темір жол маңында ер адамның денесі табылды деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің MegaPolice NEWS Telegram арнасы.
Мәлімет бойынша полицияға локомотив машинисінен хабарлама келіп түскен. Ол тәртіп сақшыларына шіріген иіс сезілетінін айтып, шағымданған. Оқиға орнына келіп жеткен құқыққорғау қызметкерлері аймақты қарап, бұталардың арасынан ер адамның денесін тапқан.
Марқұмның құжаттары өзімен бірге болған, сондықтан тәртіп сақшылары оның тұлғасын бірден анықтады. Азамат 49 жаста болған. Алдын ала тексеру марқұмның денесінде азаптау белгілері жоқ екенін көрсетті. Өлім себебін анықтау үшін азаматтың денесі қалалық мәйітханаға жеткізілді. Енді сарапшылар сот- медициналық сараптама өткізеді.