Алматыда таңертең ер адамды ұрып-соғып, тонап кетті

Главные вкладки

июн 17, 2021 / 0 комментарии

Алматыда таңертең жас жігітті ұрып-соғып, тонап кетті. Полиция күдіктілерді қолға түсірді деп хабарлайды Polisia.kz. 

Таңғы сағат төрт жарымда 102-ге нөміріне қала тұрғынының қоңырау шалғаны белгілі болды. Ол көмек сұрап, өзін ұрып-соғып, тонап кеткенін жеткізген. Оқиға орнына тез арада жеткен патрульдік полиция қызметкерлері көп ұзамай екі күдіктіні қолға түсірді. Ұсталғандар қарақшылыққа қатысы бар екенін жоққа шығарып, өз кінәсін мойындамаған.

Соған қарамастан, тәртіп сақшылары оларды тергеу үшін Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізді. Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысының полициясы екі ер адамның бір жігітке шабуыл жасап, тонап кетті деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын кездесуден кейін танысы тонап кеткені белгілі болған еді. Тергеу нәтижесінде 27 жастағы жігіттің 28 жастағы қызбен әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталды. 

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстаған, ол бұрын бірнеше рет сотталған болып шықты.