Алматы облысында жүргізушілер көлікке байланған итті құтқарып алды
Главные вкладки
Алматы облысында жүргізушілер итті көлігіне байлап сүйреген ер адамнан құтқарып алды деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
Телеарнаның мәліметінше, жануарға қатігездік танытқан жүргізушінің әрекетін көргендер тез арада құтқару операциясын жасаған.
"Оған шабуыл жасауға тура келді. Шетке ығыстырдық. Бұған бірнеше көлік қатысты. Ер адамның көлігінде артқы жақта тағы екі бала отырды. Біз қырылдап жатқан иттің денесін көліктен ажыратуға тырыстық. Ол өте сенгіш, агрессивті емес, қолымызды жалады", - дейді итті құтқарғандардың бірі Лада Морозова.
Төбет тірі қалған. Ветеринариялық емханада оның жарақатын таңып берген. Енді оған жаңа қожайын іздестіріп жатыр. Куәгерлер тез арада полицияға арыз жазған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін іздеп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тараз қаласында жергілікті тұрғын "Ақтөс" үйсіз жануарларды қорғау қорына жүгініп, итке жасалған қатігездік туралы айтып берген еді.
"Біздің көпқабатты үйдің жанын ақылды ит паналады, біз оған гараждың артынан орын жасап бердік, ол оқиғаға дейін сол жақта тыныш өмір сүрді. Шамамен екі апта бұрын біз қатты дауысты естідік, сол уақытта гараждардың артында итті зорлап жатқан бомж-зоофилді көрдік. Біз оны қуып жіберуге тырыстық, алайда ол әр кеш сайын қайтып келіп жүрді. Ал таңертең иттің жағдайы өте нашар болатын.
Содан кейін учаскелік полиция қызметкерін шақырдық, бірақ ол келмеді. Одан бөлек, учаскелік полиция қызметкері итті атып тастаймын деп қорқытты", - дейді жергілікті тұрғын жануарларды қорғаушылардың Instagram-дағы аккаунтында үндеу жариялап.