Алматы облысында демалыс базасында өрт шықты

Главные вкладки

июл 04, 2021 / 0 комментарии

 Алматы облысында орналасқан демалыс базасынан өрті шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызыл жалынның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Демалып жатқандар тілсіз жауды видеоға түсіріп, желіге жариялаған.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілде күндізгі 12:39 кезінде шұғыл хабар түскен. Онда Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде орналасқан Park Resort «Сегіз көл» демалыс аймағында ғимараттың шатыры түтіндеп жатқаны айтылған.

«Оқиға орнына тез арада Алматы облысы ТЖД күш-құралдарыа жөнелтілді. Жеке құрамнан 13 адам мен 3 техника отты сөндіруге жұмылдырылды. Кейін анықталғандай, электр желілерінің қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Аумағы 100 шаршы метрге жететін шатыр өртенген. Тілсіз жауң өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін ауыздықталған» деп мәлім етті ведомстводан.

Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ.