"Қарттарым - асыл қазынам!"
Главные вкладки
Бүгін Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" жастар қанаты және "Жасыл ел" еңбек жасақшылары бірігіп жалғыз басты, тыл ардагері Лидия Болгердің үйіне барып, апаның қал жағдайын сұрап "Қарттарым - асыл қазынам!" тақырыбында іс-шара өткізіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталмыш іс-шараның мақсаты - елімізде жүріп жатқан қайырымдылық акциясы және қарттарға құрмет көрсету, оларды назардан тыс қалдырмау. Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда біздің қамқорлығымызға мұқтаж жандар бар екенін олардың естеріне салу, қазыналы қарттарымызды бағалау керек екенін насихаттау.