Мал суаратын құдықтан су ішкен ауыл тұрғындары дабыл қақты

Главные вкладки

июл 22, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысы Көпбірлік ауылының тұрғындары мал суаратын құдықтан су ішіп отыр. Ауыл тұрғындарының сөзінше, елдімекендегі 190 шаңырақ екі айдан бері сол жалғыз құдыққа қарап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жергілікті блогер Сандуғаш Дүйсенова Көпбірліктегі ауыз су сүзгішінің 24 мамырда істен шыққанын жеткізді.

"Тозығы жетіп, суды тұздан тазалай алмайтын болды. Сүзгіштің біреуі 475 мың теңге тұрады екен. Ал ауылға оның алтауы қажет. Ауыл әкімінде мұндай ақша жоқ, тұрғындар аудан әкімдігіне үміт артып отыр", - дейді ол.

Жергілікті билік сүзгішке қажетті қаражатты табу үшін бас қатырып жатқанда тұрғындар ауылдағы революцияға дейінгі заманда салынған жалғыз құдықтан су ішуге мәжбүр.

"Олар жиырма жыл су жүргізсін деп дабыл қақты. Көптеген арыз-шағымнан кейін Көпбірлікке су құбыр ақыры тартылды. Шыны керек, ақаулар болды. Біреу жеңді, біреу қашып кетті, басқасы банкрот болды, үшіншілері кемшіліктерді жөндеді. Краннан тұзды су ақты, ауыл тұрғындарына қайта шағым жазуға тура келді.

2012 жылы олардың сөзіне билік құлақ асты, сөйтіп суды тұщыландыратын құрылғыға 20 млн 800 мың теңге бөлді. Өкінішке қарай содан бері сол аппараттың жұмыс істеп тұрғанынан сынғаны көп", - дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Ауыл ақсақалдары жақын маңда жерасты ауыз суына бай "Қорлас" деген жердің бар екенін алға тартады. Олардың айтуынша, шенеуніктер тұрғындардың басқа жерден құдық орнату туралы ұсынысына оңды жауап бермеген.

Сандуғаш Дүйсенованың сөзінше, жергілікті әкімдер облыс әкіміне Көпбірліктің орталықтанған су жүйесіне қосылғаны туралы есеп беріп тастаған.

Жиырма жыл бойы шешімін таппай келе жатқан су проблемасы туралы аудан әкімдігі де хабардар болып шықты. Айтуларынша, қазіргі таңда елдімекенге тұщы су тарту мақсатында бюджеттен тағы да қаражат бөлініп, жер асты суларын барлау жұмыстары жүргізілуде. 

"Бұл құдықты Көпбірлік ауылының тұрғындары қосымша су көзі ретінде пайдаланады. Негізі су көзі – 2013 жылы салынған, орталықтандырылған су жүйесі. 2010 жылы іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ішуге жарамды тұщы жерасты суларының қажетті көлемі болмағандықтан, Көпбірлік ауылында суды тұщыландыратын қондырғы орнату туралы шешім шығарылған.

Алайда, өкінішке қарай, қажетті сүзгіш тер уақытылы ауыстырылып тұрғанына қарамастан, бұл қондырғыдан шыққан су тиісті деңгейде тұщытылмайды. Сондықтан, тұрғындар су тұзды деп, шағым айтып жатыр.

"Ақсақалдар мен ауыл белсенділерінің ұсыныстарын есепке ала отырып, аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, "Казгидробурпроект" ЖШС ішуге жарамды жерасты суларын барлау жұмыстарын жүргізуде", – дейді әкімдіктен. Сонымен бірге, аудан әкімдігі егер жерастында ішуге жарамды су көлемі жеткілікті деп танылса, онда жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, Көпбірлік ауылындағы орталықтанырылған су жүйесі қайта қалпына келтірілетінін жеткізді.

"Аталған құдықтан шығып жатқан суды орталықтандырылған су құбырына неге пайдаланбай жатыр деген сұраққа келсек. Бұл құдықтағы су көлемі 4 метр куб болғандықтан, ол 1000 тұрғыны бар бүкіл ауылды сумен қамтуға жеткіліксіз. Ақсақалдар мен өзге де тұрғындардың келісімімен, жақын арада құдық маңы қоршалып, шатыр орнатылады. Тұрғындар құдықтан су алған кезде санитарлық талаптар сақталуы үшін бірқатар шаралар қолға алынады", – делінген әкімдік берген жауапта.