Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері әріптестеріне тиесілі 2,7 млн теңге қаражатты иемденген

Главные вкладки

июл 23, 2021 / 0 комментарии

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен онлайн-брифингте Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы орталық аурухана қызметкерлеріне шыққан сот үкімі туралы айтылды. Олар алдау және сенімге кіру арқылы 22 ақ халаттыға тиесілі үстемақының бір бөлігін иемденген деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, бас дәрігердің орынбасары Байтөриев пен аурухананың әкімшілік бөлімінің жетекшісі Омановтың төрт жылға бас бостандығы шектелген.

Сондай-ақ, аурухананың кассир-бухгалтері Мырзалиеваның да 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелген. Байтөриев әкімшілік бөлімнің жеткішісі Оманов пен кассир-бухгалтер Мырзалиеваның көмегімен 22 медицина қызметкеріне тиесілі үстемақының бір бөлігін яғни 2,7 млн теңге көлеміндегі қаражатты алдау және сеніміне кіру арқылы иемденді деген күдікке ілінген.

Бұл сома коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатысқаны үшін қызметкерлердің жалақысына қосымша бөлінген. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында шенеунік 14 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген еді.

Одан бөлек, Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу барысында Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасарын ұстаған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала мөлшері 160 миллионнан астам теңгені құраған. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік айыптаушы күдіктіден жазасын жеңілдету үшін пара алды деген күдікке іліккен болатын.