«Алтын ауыл»-дың атына заты сай ма?
Главные вкладки
Қаскелең қаласындағы «Алтын ауыл» ықшам ауданында жиырмадан астам тұрғын үй бар. Түгелдей тұрғындар қоныстанған, көбі мемлекеттік қызметшілер. Арнайы мектеп те салынды. Бірнеше дүкен, сән салондары, дәріхана сияқты халыққа қызмет көрсетілетін орындар да бар. Дегенмен, жергілікті жұртшылықты толғандыратын әлеуметтік мәселелер де жоқ емес.
Атап айтқанда, ықшам ауданды мекендеушілер мұндағы тұрғын үйлердегі шаруашылықты қадағалау қызметінің (КСК) жұмысына көңілі толмайды.
Жақында мән-жайды Kaskelenkz тілшісі барып анықтап, жиналғандардың арыз-шағымын тыңдап қайтты.
Жалпы айтқанда, көпшілік шағымы лас подъездерге, тазаланбайтын аулаларға, шығарылмайтын қоқысқа, істемейтін жеделсатыға және бағасы шектен тыс қымбат коммуналдық төлемдерге қатысты болды. Тіпті қаңғыбас иттер де қаптап, балалардың өміріне қауіп төндіре бастаған.
Ал, құзырлы мекемелердің айтуынша, 2017 жылы осында 100 млн теңге қаражат бөлініп, аулалар абаттандырылған. Бұл туралы толығырақ Kaskelenkz ютуб арнасынан көре аласыздар.