28 шілде мен 4 тамыз аралығында Қазақстанда COVID-19 індеті өршитіні рас па

Главные вкладки

июл 28, 2021 / 0 комментарии

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді" деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"WhatsApp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді. Осыған байланысты қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні" туралы хабарлама таратылып жатыр деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл – жалған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды. "Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дезинфекциялық заттарды әуе көлігінен бүрку де жоспарда жоқ", – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жаңартты. Оған сәйкес, бір тәулікте 7 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырған. Қазақстанда өткен тәулікте 6925 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Осылаша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 549 628-ге жетіп отыр. 

Сонымен бірге, өткен тәулікте 5 096 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықққан. Пандемия басталғалы бері коронавирустан жазылғандар саны 457 098 науқасқа жетті. Еске сала кетсек, 27 шілдеде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өткен болатын.