Олимпиада-2020: Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті
Главные вкладки
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиададағы алғашқы кездесуін сәтті бастап, ширек финалға өтті деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.
+91 келіде жұдырықтасатын отандасымыз 1/8 айналымда Мысыр елінің өкілі Есри Мұстафамен кездесті. Төрешілер бірауыздан жеңісті Қамшыбекке берді, ол үш раундта да қарсыласынан басым болды. Енді Қоңқабаев ширек финалда Ресей боксшысы Иван Верясовпен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір боксшымыз Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастағанын жазған едік. Олимпиададағы алғашқы кездесуінде Әбілхан Өзбекстан құрамасының үздігі Фанат Қахромоновты нокаутқа жіберіп, ширек финалға шықты.