Сапасыз салынған "Қарлығаш" тұрғын үй кешеніне кім жауапты?

Главные вкладки

сен 20, 2021 / 0 комментарии

Оқырмандарымыз "Қарлығаш" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің сапасына сын айтуда. 

 

"Мен Алматы облысы, Қаскелең каласы "Қарлығаш" ТК, Бейсебаева 147/2 мекенжайы бойынша 2020 жылдың желтоқсан айында "Еламан" ЖШС құрылыс компаниясынан пәтер сатып алдым. Тамыз айының 17-нен бастап пәтерде еден астынан су кетіп, қабырғаларымыз көгере бастады, жасаған ремонтымыздың барлығы бүлінді. "ЕЛАМАН" ЖШС қайта жөндеу жұмыстарынан бас тартып отыр. Бұдан да басқа кемшіліктері өте көп. Ыстық судың құбырының орнына суық судың трубасын салып қойған. Бастапқыда үйді салғанда салғырттық болған. Адамдар осы үйлерді маңдай термен тапқан ақшасына сатып алып жатыр, ал құрылыстың сапасы өте төмен. Бұған кім жауап береді? Тура біздегідей жағдай 6-шы қабаттағы көршілерімізде де орын алуда. Сонда осы үй бір күні қисайып, не құлап қалмасына кім кепіл? Бұл үйлерге қатысты жауапкершілік кімге жүктелген?