Қарасай ауданында 3500кг қауынды ұрлап кеткен
Главные вкладки
15 қыркүйекте 23 сағат 10 минутта Алматы облысы ПД Қарасай АПБ кезекші бөліміне Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны базарлардың бірінде белгісіз біреулер одан жалпы сомасы 245 000 теңгеге 3 500 килограмм қауын ұрлап кеткені туралы хабарласты.
Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Шақырту бойынша келген учаскелік инспектор бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, жұмысты шебер ұйымдастырып, Алматы қаласының 46 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған. Аталған күдікті ұрланған қауынды жүк көлігімен тасымалдаған жерінен ұсталған.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік қылмыс құралы ретінде сотқа дейін арнайы тұраққа қойылды.