Нарынқолда Мұқағалидың 90 жылдығы дүркіреп өтті

Главные вкладки

окт 05, 2021 / 0 комментарии

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай мелекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Хантәңірі мұзбалағының туған жері Қарасазда Қазақстандық Ұлықбек Есдәулет бастаған, бірқатар шетелдерден келген ақын жазушылардың басы қосылған "Алаш жырының ақиығы" атты  үлкен конференция болып өтті, жиында ақынның 7 тілге аударылған кітабы да таныстырылып өтті. Ақын шығармашылығындағы сыни мақалалар бәйгесі де өз мәресіне жетіп, бас жүлдеге тігілген млн теңге сыйақыны ақын Амангелді Кеңшілік қанжығасына байлады.   Осы күндерде  Нарынқолда алып тұлғаның еңселі ескерткіші ашылды, мерейтойлық шараларға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова,  ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері, Парламент депутаттары, ел зиялылары және аудан жұртшылығы қатысты.  

Мерейтойлық шараның мән-маңызына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өз сөзінде кеңінен тоқталды. «Мұқағали - жырдың асыл қазынасы. Ол - өткен мен жаңаның арасын жалғаған алтын көпір. Елбасы мен Президенттің бастамасымен ақынның ғасырлық тойын ЮНЕСКО көлемінде өткізуге ұсыныстар дайындалуда. Бүгінгі той құтты болсын. Халқымыздың рухы Мұқағали жырларындай таза, Хантәңіріндей асқақ, Көлсайдай көрікті болсын», - деген Қ.Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын оқып, табыстады.

Мұнан соң Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ТҮРКСОЙ ұйымының өкілі Атагелді Күлтегін Мұқағалидың – қазақтың ғана емес, тұтас түркі әлемінің, адамзаттың ақыны екенін тілге тиек етіп, тойдың рухани маңызын ерекше атап өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов шекаралық аймаққа көрсетілген қолдауларға тоқталды:

- Ақиық ақынымыз  Мұқағалидың 90 жылдық мерейтойы үлкен деңгейде аталып өтілуде. Президент тойға өз құттықтауын, көпшілікке ыстық сәлемін жолдады. Елбасының қолдауымен 2 ауданды бөлу арқылы Райымбек ауданының қайта құрылып, бүгінде гүлденіп жатқанын мақтанышпен айтамыз. Бұл – Тәуелсіздіктің жемісі. Қазір шекаралық аумақтағы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайы жақсарып келеді, қаншама жаңа нысандар бой көтерді, жаңа үйлер салынды. 500-ден астам отбасы Нарынқолға қайта көшіп келді. 2 жарым мың жас туған жеріне оралды. Мұқағалидай ақыны бар қазақ халқы бақытты. Ақынның рухы жас ұрпақты қолдап жүрсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, - деді А.Баталов.

Сондай-ақ осы күні Нарынқол ауылында 50 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелеріне тұрғын үй кілттері салтанатты жағдайда тапсырылды. Нарынқол ауылында салына бастаған 83 үйдің 33-і бұған дейін тапсырылған болатын. Ал бүгін жобаның 3 және 4-ші кезеңдері аяқталып, беріліп отыр.  Құрылғанына 3 жыл жаңа  аудан болғандықтан, мамандар тапшылығы бар, мамандар тапшылығын жою мақсатында жас мамандар көптеп қоныстанып жатқан үйлер Нарынқолдың жаңа шырайын кіргізіп тұр.

Аида Қожмамбетова