Атақты актер түсірілім кезінде байқаусызда адам өлтіріп алды
Главные вкладки
Актер Алек Болдуин Нью-Мексикода түсірілім кезінде операторға оқ атты. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
Оқиға Санта-Фе маңында, басты рөлде Алек Болдуин ойнайтын фильмді түсіру кезінде болған. Актерлер оқ атуы керек сәтте, қару бос емес, әскери оқтармен оқталғаны белгілі болған.
Фильм режиссері иық сүйегінен жарақат алған, ал 42 жастағы оператор Алина Хатчинс ауыр жарақат алып, Альбукерке ауруханасына жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
«Шериф кеңсесі қару-жарақтан оқ атқан Алек Болдуин екенін растайды», — делінген Санта-Фе округі шерифінің хабарламасында.
Санта-Фе округіндегі шериф кеңсесінің өкілі Хуан Риос Болдуинге әлі ешқандай айып тағылмағанын айтты.