Алматы облысында жаппай төбелестен бір оқушы зардап шекті

Главные вкладки

окт 28, 2021 / 0 комментарии

27 қазан Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының мектебінде 9 және 10-сынып оқушылары арасында өзара жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 16 жасар жасөспірім ауруханаға түскен.

Панфилов аудандық әкімдігінің хабарлауынша төбелес Пенжім ауылында Розыбакиев атындағы орта мектепте болған. Қазіргі таңда оқушының жағдайы жақсы, толықтай медициналық көмек көрсетілгені анық болды.

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалған. Аудан әкімдігі, полиция департаментінің басшылары, ақсақалдар арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жағдай толық бақылауда», - деп хабарлайды Панфилов аудандық әкімдігі