Алматыда вакцина алмаған оқушылар қалай оқиды?

Главные вкладки

ноя 12, 2021 / 0 комментарии

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова екпе алмаған балаларға оффлайн режимінде оқуға шектеу қойылмайтынын айтты, — деп хабарлайды Kaskelen.kz  Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Брифинг барысында Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықовадан екпе алмаған балалардың мектептерде білім алуына шектеулер бола ма деген сұрақ қойылды.

«Екпеден бас тартқандар саны күн сайын азайып барады. Мектеп директорлары, денсаулық сақтау басқармасы және аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екпе алмағандар үшін оффлайн білім алуға, әрине, шектеулер болмайды. Екпе ерікті негізде, ата-ана келісімімен жүргізіледі», — деді Әсел Қалықова.