Енді Назарбаев Қазақстанның саясатына араласа алмайды
Главные вкладки
Енді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына араласа алмайды, деп хабарлайды Kaskelenkz желілік басылымы.
Себебі, сенаторлар «Тұңғыш Президент туралы» заңнан "мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс" деген норманы алып тастауды ұсынды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойы төрағалығынан айыру туралы ғана өзгерту ұсынылған. Сенат депутаттары тағы бір бапты алу керек деп шешіпті. Онымен мәжіліс депутаттары келісті. Енді президент қол қойса болды. Айта кетейік, елбасының суретіне де қол тигізгендерді заңмен қудалауға мүмкіндік беретін бап сол қалпы қалды.