Украинада 331 бейбіт тұрғын қаза тапты
Главные вкладки
БҰҰ-ның мәліметінше Украинада 331 бейбіт тұрғын қаза тапты деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше Украинадағы соғыс қимылдары кезінде 331 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Тағы 700 адам жарақат алған.
Мұндай мәліметтерді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басқармасы келтірді. Ұйым Украинаның бейбіт тұрғындарының өлімінің мән-жайын нақтыламады. Ресей тарапы атқылау тек әскери нысанға бағытталғанын алға тартып отыр. Дегенмен, көптеген фотосуреттер мен видеолар бейбіт тұрғындардың үйлері оқ атудан зардап шеккенін көре аламыз.