Жеке басын куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса не істеу керек?
Главные вкладки
ҚР азаматы жеке басын куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру үшін төмендегідей қызмет түрін жасау міндетті.
Тіркеу залына өтіп, ЖСН арқылы элекронды талон алыңыз;
Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;
Құжаттандыру секторына өтіңіз;
Көші -қон қызметкері құжатты рәсімдейді;
Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз.
ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға беріледі. ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға беріледі. 16 жасқа толмаған жасөспірім жеке куәлікті алу үшін ХҚО-ға ата-анасының бірімен келуге міндетті
Төленетін баж алымы:
Паспорт – 8 АЕК
Жеке куәлік – 0,2 АЕК
Құжат 15 жұмыс күні ішінде жасалады. Егер құжаттың жасалу мерзімін жеделдету қажет болса, қосымша ақы төлеу қажет болады.
1 жұмыс күні - 4983 тг
3 жұмыс күні - 2752 тг
7 жұмыс күні - 1 116 тенге
Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға таяу болса, кез келген ХҚО-ға алдын ала баруыңыз керектігін ескертеміз