Мекеменің басшысын ауыстыру
Главные вкладки
Жаңа басшы тағайындалғаны туралы компания іскерлік әріптестеріне ғана емес, сонымен қатар, тіркеуші және бақылаушы мемлекеттік органдарға да хабарлауы тиіс.
Ұйым басшысын өзгерту - сұранысқа ие қызмет. 2021 жылдың қазан айынан бастап кәсіпкерлер бұл қызметті ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн ала алады.
Ол үшін:
- жаңадан сайланған басшы egov.kz порталында авторизациядан өтеді;
- «Бизнес» бөлімінде «Басшыны өзгерту туралы хабарлама» жаңа қызметін таңдайды;
- барлық деректерді толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қояды;
- ұйымның әрбір құрылтайшысы өзінің ЭЦҚ кілтімен өтінішті келісуі қажет.
Маңызды! Ұйым басшысын өзгерту мемлекеттік қызмет емес, тек хабарлама сипатында болады. Бұл қызмет тіркеуші органның қатысуынсыз көрсетілетінін ескере отырып, өзгерістер енгізу жөніндегі жауапкершілік толығымен заңды тұлғаның өзіне жүктеледі.
Қызмет нәтижесімен 1 сағат ішінде жеке кабинетте таныса аласыз.