Украина Ішкі істер министрлігі Киевтегі жарылыстардан кейін қанша адамның көз жұмғанын мәлімдеді
Главные вкладки
Киевте 10 қазан күні бірнеше жарылыс орын алды. Украина Ішкі істер министрлігі зымыран соққысының салдарынан қаншама адам қаза тауып, қанша адам жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы УНИАН Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып.
Украина Ішкі істер министрінің кеңесшісі Ростислав Смирновтың сөзінше, зымырандық шабуылдың салдарынан Киевтің Шевченков ауданында сегіз адам қаза тауып, тағы 24 бейбіт тұрғын жараланған.
Житомир облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Виталий Бунечко Житомир облысын атқылаудың салдарынан энергетикалық инфрақұрылымға зақым келгенін айтты. Кейбір тұтынушылар резервтік қуат көздерін пайдалануда, шабуылдың зардаптарды жою жұмыстары жалғасуда.
Еске салайық, дүйсенбі, 10 қазан күні Киевте бірнеше жойқын жарылыс болды. Киев мэрі Виталий Кличко қалада бірнеше жарылыс болғанын растады. Қала басшысы Киев тұрғындарын баспаналарда қалуға шақырды.
Бұл жайттан кейін Украина президенті Владимир Зеленский мен Виталий Кличко Киев тұрғындарына үндеу жасап, Кличко болып жатқан оқиғаны "ресейлік лаңкестердің шабуылы" деп атады.