Тәртіп сақшылары ауқымды тексеруге кірісті

Главные вкладки

мар 01, 2019 / 0 комментарии

Ақпанның соңғы күні Қарасай аудандық Полиция басқармасы аудан көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шараларын бастап кетті. Оның барысында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, қылмыстарды болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, шара барысында пәтерді жалға берушілер мен қару иелерінің, шетел азаматтарының құжаттары тексеріліп, бұрын істі болғандар бақылауға алынады.

Бұлардан бөлек, апатты жағдайда тұрып жатқан тұрғындар анықталып, олар жайлы ақпарат жергілікті әкімдіктерге жолданбақ.

Аудандық Полиция басқармасы бастығының қызмет бойынша орынбасары, полиция полковнигі Мәлік Нұримановтың айтуынша, осы мақсатта 99 полиция қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ, жедел-профилактикалық іс-шарасына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, пробация қызметінің инспекторлары да өз үлесін қоспақ. Шараның бір күнгі нәтижесіне тоқтала кетсек, 50 әкімшілік хаттама толтырылған. Мысалдап келсек, қоғамдық орындарда немесе көшеде алкогольдік ішімдік ішкендер 15 адам, мас күйінде көлік жүргізген екі адам, қоғам ортақ пайдаланатын орынды ластаған 2 адам, тағы да басқа құқық бұзушылылар жауапкершілікке тартылған.

 

Аталған мерзімде учаскелік инспекторлар 381 ауланы аралады. Оның ішінде төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе екі үй апатты деп танылып, аудандық әкімдікке хабарлама жіберілді. 12 заңсыз жалға беріліп тұрған пәтерлер анықталды. ҚР "Көші қон" Заңына сәйкес 10 адам №517 баппен жауапқа тартылған. Аудандық Полиция басқармасына 36 құжатсыз адам жеткізілді, оның 13-і қабылдау-тарату орнына жеке тұлғасы анықталғанша орналастырылған. Бұдан бөлек, тәулік бойында ауданда12 қылмыс тіркелген, оның жетеуі тәулік ішінде ашылған.

 

 Осы жұмыстар 6 наурызға дейін жалғасын таппақ.