«RAKHYM» орталығындағы мереке

Главные вкладки

Май 30, 2019 / 0 комментарии

Аудан орталығы Қаскелең қаласында орналасқан «RAKHYM» реабилитациялық қолдау орталығында 40-тан аса бала тегін ем қабылдауда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Кеше мекемеде Балалар қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған орталықта ем қабылдаушы балалалар, олардың ата-аналары, демеушілер сондай-ақ, облыстан арнайы мамандар келіп қатысқан. 

Бұл күні орталық алаңы мерекелік күйге еніп, әсем безендірілген. Шипа іздеп келген балдырғандар да әдемі киінген. Себебі, салтанат барысында олар қонақтар алдында өз өнерлерін көрсетті. Осылайша, орталықтағы білікті мамандардың емдік шаралары мүмкіндігі шектеулі балаларға қалай әсер етіп жатқандығы, алғашқы нәтижелер анық байқалды. 

Үлкен сүйіспеншілікке, ризашылыққа, қуанышқа толы мереке осылайша, ерекше әсерімен көпшілік көңілінде сақталып қалды.